Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Алматыда биыл көппәтерлі тұрғын үйлердегі 105 жеделсатыны ауыстыру жоспарланған. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Жарияланған күні мен уақыты: «27-07-2026 15: 56»

Жаңартылатын жеделсатылардың 47-сі 25 жылдан астам уақыт пайдаланылған, ал 58-і техникалық тұрғыдан күрделі жөндеуді қажет етеді. Жоба 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылуда.

Қазір Алматыда 14,5 мыңға жуық жеделсаты пайдаланылуда. Оның ішінде 8,4 мыңнан астамы 2 671 көппәтерлі тұрғын үйде орнатылған.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, жеделсатылардың тозу деңгейін ескере отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада жыл сайын кемінде 150 жеделсатыны жаңарту қажет.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар