Алматыда Дулати көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
Дулати көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жарияланған күні мен уақыты:
«26-06-2025 10: 59»
26 маусым күні сағат 22:00-ден бастап 27 маусым сағат 06:00-ге дейін Экологиялық бекет даңғылынан бастап Сапарлы жол көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS және «Яндекс карталарында» жарияланған.