Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді
Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Диваев көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан дүкен сүрілді.
Жарияланған күні мен уақыты:
«18-06-2026 10: 19»
Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның меншік иесі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасыз, сараптама қорытындысынсыз, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалаусыз салынғаны анықталды.
Аталған заңбұзушылықтарға байланысты меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.
Нұсқама талаптарын орындау мақсатында қазіргі уақытта заңсыз салынған нысан меншік иесінің күшімен толықтай бұзылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтар