Алматыда «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі қосалқы құрылыс сот шешімімен сүрілуде

Алматыда Кенесары хан көшесі, 54/33 үй мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің үшінші қабатындағы террасада заңсыз салынған құрылыс сот шешімімен бұзылуда. Бұл туралы Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Жарияланған күні мен уақыты: «12-06-2025 07: 23»

Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында пәтер иесі (жеке тұлға) ешқандай рұқсат құжаттарынсыз өз пәтеріне бір қабатты қосымша құрылыс салып, тұрғын үй аумағын айтарлықтай ұлғайтқаны анықталған.

Иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Алайда, нұсқама талаптары орындалмағандықтан, 2024 жылғы 26 тамызда басқарма Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз берген. Сот процестерінің нәтижесінде 2025 жылғы 5 қаңтарда сот басқарманың талаптарын қанағаттандырған.

Бүгіннен бастап Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Жаңалықтар