Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында қозғалыс сызбасы өзгертіледі
Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында жол айрығын салу аясында жоғарыда көрсетілген учаскеде көлік құралдарының қозғалысына кезең-кезеңмен шектеулер енгізіледі.
Мәселен, 7 маусымнан бастап Сейфуллин даңғылының оңтүстігінде Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтпелі қозғалысы шектеледі. Қозғалыс Жансүгіров көшесінен Сейфуллин даңғылына және Сейфуллин даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі жол айрығының съездері бойынша қамтамасыз етіледі.
14 маусымнан бастап Сейфуллин даңғылының солтүстігінде Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының қозғалысы шектеледі. Қозғалыс съездер бойынша қамтамасыз етіледі. Бұл сызба 1 қыркүйекке дейін жарамды болады.
Естеріңізге сала кетейік, жобада Сейфуллин даңғылында көліктің кедергісіз жүруі үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі тоннель салу көзделген. Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтуі жер деңгейінде жүзеге асырылатын болады. 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған. Ағымдағы жылдың соңында жол айрығында көлік қозғалысын толық ашу жоспарлануда.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі