Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жарияланған күні мен уақыты: «14-07-2026 17: 23»

14 шілдеден 25 тамызға дейін Төле би көшесінің Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы толықтай жабылады. Бұл аумақты Сәбденов көшесі арқылы айналып өтуге болады.

Аталған учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Еске сала кетейік, жол қозғалысына қойылатын шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінде жарияланады.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар