Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жарияланған күні мен уақыты: «15-07-2026 19: 42»

Атап айтқанда, Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл аумақта Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 16-18 шілде аралығында жүргізіледі. Ал 18–20 шілде аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің қарама-қарсы жағында атқарылады. Осы кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады.

Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар