Алматыда Тәжікстан Республикасының Хатлон облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

2025 жылы 20–21 қыркүйекте Алматы қаласының Алатау ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға Тәжікстан Республикасының Хатлон облысынан келген тауар өндірушілері қатысады. Жәрмеңке «Алатау» театрынан (Момышұлы және Универсиада көшелерінің қиылысы) алдындағы автотұрақ алаңында ұйымдастырылады.

Жарияланған күні мен уақыты: «19-09-2025 17: 41»

Жәрмеңкеге 40 фермер қатысып, Алматыға 200 тоннадан астам балғын ауыл шаруашылығы өнімін алып келеді. Сауда сөрелерінде маусымдық жеміс-жидектер мен көкөністер, табиғи кептірілген жемістер және шығыс тәттілері болады. Қала тұрғындары мен қонақтары өнімді тікелей өндірушілерден қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңке Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, фермерлерді қолдауға және тұтынушыларды сапалы, балғын өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қала тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге келіп, фермерлерді қолдауға және жаңа өнімнің дәмін татуға шақырамыз!

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар