Алматыдағы Астана алаңында мегаполистің басты жаңажылдық концерті басталды
Еске салайық, алматылықтар мен қала қонақтарының алдында Мақпал Исабекова, Әлішер Кәрімов, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Дәулет Жанболат, Жұбаныш Жексенұлы, Диана Исмаил, Бақыт Шадаева, Абай Бегей, Тахмина Әшімбекова, Інжу Әнуарбек, Әбік Жексен, Асхат Тарғын, Дәлел Уашев, Мақсат Базарбаев, Дәурен Байбөрі өнер көрсетуде. Сонымен қатар концертке Ringo, Ninety One, Ayree, Astra, Dakelot және МузАрт Life топтары қатысуда.
Алматы қаласының тұрғыны Әсия Реимнің айтуынша, мерекелік шоу жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
– Ұйымдастырушылардың қала тұрғындары мен қонақтарына осындай ерекше мереке сыйлағаны өте қуантады. Әсіресе Жаңа жыл түні мұндай іс-шаралар адамдарға ерекше көңіл-күй сыйлайды, – деді ол.
Көрермендер өнерпаздарға қосылып ән шырқап, би билеп, мерекелік кештің ерекше атмосферасын қалыптастыруда.
Астана алаңындағы ауқымды мерекелік шараның шарықтау шегі – жаңажылдық отшашу болмақ. Барлық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып ұйымдастырылатын салют демеушілердің қаражаты есебінен өткізіледі.
Мерекелік концерттік бағдарлама 1 қаңтар күні сағат 00:30-да аяқталады.
Жаңалықтар