Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Саин-Жұбанов жолайырығындағы бұрылыстар уақытша жабылады

Саин және Жұбанов көшелерінің қиылысындағы жолайырығы бұрылыстарын орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жарияланған күні мен уақыты: «21-07-2025 17: 27»

21 шілде сағат 23:00-ден 22 шілде сағат 6:00-ге дейін шығыс жағындағы бұрылыстар жабылады.

 

Ал 22 шілде сағат 23:00-ден 23 шілде сағат 6:00-ге дейін батыс жағындағы бұрылыстар жабылады.

 

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

 

Айта кетейік, қозғалысқа шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карты» сервистерінде жарияланған.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар