Алматының Бостандық ауданында 1984 жылы пайдалануға берілген 2,7 шақырым жылу магистралі ауыстырылады

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматы қаласының Бостандық ауданында 1984 жылы пайдалануға берілген шамамен 2,7 шақырым жылу магистралін ауыстыру көзделіп отыр. Осыған байланысты қаланың екі көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Жарияланған күні мен уақыты: «10-06-2025 10: 23»

10 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы Қожанов көшесінің бойымен Гагарин көшесінен бастап Жароков көшесіне дейін, сондай-ақ Жароков көшесінің бойымен Қожанов көшесінен бастап Дунаевская көшесіне дейін оңтүстік бағытта көлік қозғалысы шектеледі. Солтүстік бағытта көлік қозғалысы екі бағытта ұйымдастырылады.

Уақытша шектеулер көрсетілген көше учаскесінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыр желісінің жоспарлы қайта құру жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Бұл кезеңде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді. 

Аталған жылу құбыры 97 көпқабатты тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 медициналық мекемені және 27 өзге де нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 км жылу желісін қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Еске саламыз, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Жаңалықтар