Алматының проблемалы аудандары сумен тұрақты қамтамасыз етілді

Алматыда қаланы үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша шаралар белсенді қабылданып жатыр, деп хабарлады мегаполистің Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.

Жарияланған күні мен уақыты: «07-06-2024 13: 10»

Биыл 17 мамырда «Балқаш» таза су резервуары пайдалануға берілді. Жоба аясында 6,9 мың текше метрге 5 резервуар және тәулігіне 7,3 мың текше метрге 3 ұңғыма салынды. Осы жылдың 1 маусымынан бастап Юбилейный, Каменск үстірті, Көлсай, Мұзтау шағын аудан тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін резервуарға 6,1 км жаңа магистральдық желі салынды.

 

Былтыр желтоқсанда қуаты тәулігіне 15 мың текше метр болатын «Қарғалы» су жинағышының құрылысы аяқталды. 1 маусымда қолданыстағы желілер арқылы су беріле бастады. Сондай-ақ, 6,5 км кәріз коллекторының құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан биыл қыркүйек айында аяқталады.

 

«Ақсай» су жинағышының құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. Оның қуаты тәулігіне 22 мың текше метр. Қазіргі таңда нысанның дайындығы 50%. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2025 жылдың қараша айына жоспарланған.

 

«Қарғалы», «Ақсай» және «Балқаш» ТСР су жинағыштары қаланың Наурызбай және Медеу ауданының 170 мың тұрғынын, сондай-ақ Алматы облысының Жаңатұрмыс және Қырғауылды ауылдарының 40 мың тұрғынын тұрақты сумен қамтамасыз етеді.

 

Алматының жоғарғы бөлігінің тұрғындарын сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін осы жылдың ақпан айында тәулігіне 32 мың текше метр сумен жабдықтаудың резервтік схемасын салу жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Қазіргі таңда 6 ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр, олар үшін 6 бірлік тереңдік сорғылары сатып алынды. Алаңдарда негізгі сорғы жабдықтары орнатылады. Резервтік схеманың құрылысын 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланған. Бұл Алматының жоғарғы бөлігінің 50 мың тұрғынын үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар