Алматының Түрксіб ауданы 2024 жылы 218 млрд теңге инвестиция тартты
Бүгінгі таңда Түрксіб ауданы Алматының маңызды көлік торабы болып табылады және қаланың қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі, экономиканың тұрақты өсуін көрсетеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде хабарлады.

Қала басшысы ауданның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берді. Ерболат Досаев өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7%-ға артып, 218 млрд теңге болғанын, оның ішінде жеке инвестиция 12,3%-ға өсіп, 200 млрд теңгеге жеткенін айтты.
Көтерме сауда 2024 жылы 27% - ға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады, бөлшек сауда көлемі де 621,7 млрд теңгеге жетті. Түрксіб ауданында барлығы жұмыс істеп тұрған бизнес-субъектілердің саны 10,4% - ға өсіп, 30 мыңға жетті. 5,5 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға ықпал етті.
«Түрксіб ауданының бюджеті 40% - ға ұлғайып, 22,5 млрд теңгеге жетті, 2025 жылы бюджет 31,6 млрд теңгені құрады», - деп атап өтті Алматы әкімі, аудан және қала әкімдіктері инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударады. Түрксіб ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және ауданды абаттандыруға айрықша көңіл бөлетінін айтты. 2025 жылы да бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады», - деп қорытындылады сөзін Ерболат Досаев.
Жаңалықтар

