Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 100-ден астам аула ретке келтірілді
Алматының Әуезов ауданында қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы аясында аулаларды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстары жалғасып отыр. Бұл туралы Әуезов ауданы әкімдігінің өкілдері айтты.
Жарияланған күні мен уақыты:
«29-07-2026 16: 33»
Ағымдағы жөндеу аясында 30 футбол және баскетбол алаңының қоршаулары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 70 ауланың балалар және спорт алаңдарындағы тартан жабыны жаңартылып, қалпына келтірілді.
Тағы 4 аулада қосымша шағын сәулет нысандары орнатылды.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, 971 ауланы санитарлық тазалау және ұсақ жөндеу жұмыстары күн сайын жүргізіледі. Бұл жұмыстарға 7 мердігер ұйым, 440 жол жұмысшысы және 46 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар