Дархан Сатыбалды жазушы Софы Сматаевқа «Отан» орденін табыстады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған «Отан» орденін Қазақстанның халық жазушысы, драматург Софы Сматаевқа табыстады.
Жарияланған күні мен уақыты:
«30-06-2026 16: 42»
Марапат Софы Сматаевқа отандық әдебиетті дамытуға қосқан қомақты үлесі және әлеуметтік-мәдени саладағы жетістіктері үшін берілді. Кездесу барысында Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатын оқып берді.
Шаһар басшысы Софы Сматаевқа зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеп, қаламгердің бай мәдени мұрасын сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі