Инфрақұрылымды жаңғырту және бюджетті ұлғайту: Алматыда денсаулық сақтау саласы қалай дамып отыр

Алматыда денсаулық сақтау саласында 32 нысан салу және жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-де өткен көшпелі брифингте мәлімдеді.

Жарияланған күні мен уақыты: «18-12-2024 10: 57»

Биыл денсаулық сақтау саласының қаржыландыру 25%-ға артты. Әсіресе, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударылды. 

Биыл Алматының мәслихаты медициналық-санитарлық көмектің біріңғай стандартын бекітті, соның аясында 4 МСАК орталығы мен 1 емхана салынды, сондай-ақ 32 нысанның құрылыс және жаңғырту жобалары (15 аурухана, 2 перзентхана, 7 емхана, 6 МСАК орталығы) әзірленуде.

Сонымен қатар, 2024 жылы қалада Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы ашылды. Балалар арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге маңызды үлес қосқан ерте араласу орталығы құрылды.

Қала әкімі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мен дамыту тұрғындарға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуда маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл басым бағыттағы жұмыстар келесі жылы жалғасады.

Жаңалықтар