«Халық қатысатын бюджет» жобасы: алматылықтар 4 632 өтінім берді

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау аяқталды. Науқан 1 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін өтті. Осы уақыт ішінде қала тұрғындары 4 632 бастама ұсынды.

Жарияланған күні мен уақыты: «02-10-2025 11: 45»

Алматылықтар аумақты көгалдандыру, аула мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тротуар мен арықты жөндеу, балалар және спорт алаңдарын орнату бойынша жоба ұсынды. Сондай-ақ, қаланы таза әрі жайлы етуге бағытталған идеялар да бар.

Өтінімдер онлайн форматта budget.open-almaty.kz платформасында қабылданды.

Қатысу шарттары:

  • бір адам - бір өтінім - бір нысан;
  • нысан жалпыға ортақ болуы және өтінім берушінің ауданында орналасуы тиіс;
  • жобада ең көп бюджет - 294,9 млн теңге.

Келесі кезеңдер:

  • 1-12 қазан: аудан әкімдіктері жанындағы сарапшылар жобаларды тексереді;
  • 19 қазанға дейін: авторлар идеясын пысықтай алады;
  • 20-26 қазан: жаңартылған өтінімдер қаралады;
  • 27 қазан - 9 қараша: тұрғындардың дауыс беруі;
  • 10-16 қараша: қорытынды шығару;
  • 17-18 қараша: бюджет өтінімдерін қалыптастыру;
  • 2026 жыл: жеңімпаз жобаларды жүзеге асыру.

 

«Алматы даму орталығы» АҚ баспасөз қызметі әрбір кезеңді тұрғындарға хабарлап отырады.

Жаңалықтар