«Медеу» биік таулы спорт кешенінің автотұрағы уақытша жабылады
«Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жобасын іске асыру аясында биылғы жылдың 16 маусымынан желтоқсан айына дейін кешенге жақын орналасқан автотұраққа кіру уақытша шектеледі.
Жарияланған күні мен уақыты:
«16-06-2026 09: 47»
Шектеу құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне және нысан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Алматы қаласының Құрылыс басқармасы
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтар