Реновация бағдарламасы: Алматыдағы ескі үйлердің 40%-дан астамы Түрксіб ауданында орналасқан

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы ескі тұрғын үйлерді реновациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.  

Жарияланған күні мен уақыты: «10-04-2025 05: 42»

Бүгінде Алматыда 1 366 ескі үй бар, оның 40% - дан астамы Түрксіб ауданында орналасқан.

«Өткен жылы Кассин және Сауранбаев көшелерінде 13 жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.  Алтай - 2  шағын ауданында 6 бұзылған  үйдің орнына  тоғыз қабатты 3 үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Сауранбаев көшесінде 3 үйді бұзу жоспарланып отыр, одан кейін 8 жаңа көппәтерлі тұрғын үй салынады», - деді Ерболат Досаев. 

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігі 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын әзірлеген еді. Бағдарламада 676 ескі үйді реновациялау қарастырылған. Тектоникалық ақауларда орналасқан қаңқалы-қамысты үйлер мен ғимараттарды бұзуға баса назар аударылады.  

Бағдарламаның негізгі қағидаты-құрылысты тоқсандық жүргізу. Ғимараттарды көшіру және бұзу барлық ескі тұрғын үй иелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте меншік иелеріне «бөлме үшін бөлме» қағидаты бойынша айырбастау немесе нарықтық құны бойынша ақшалай өтемақы алу мүмкіндігі беріледі.

Жаңалықтар