Жаңалықтар
Алматыда Төле би көшесі, 182 мекенжайында орналасқан «Asi» дәмханасына заңсыз салынған қосалқы нысанды мәжбүрлі түрде бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «27-08-2026 18: 15»
Алматыда қаланың атмосфералық ауасының ластануына әсер ететін негізгі факторлардың бірі автокөліктен шығатын зиянды қалдықтарды бақылау жұмыстары жалғасуда.
Толығырақ … «27-08-2026 17: 11»
Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақты ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба аяқталды.
Толығырақ … «27-08-2026 17: 05»
26-31 тамыз аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында қала әкімдігінің қолдауымен FIBA Азия кубогы – 2029 турнирінің алдын ала іріктеу кезеңі бірінші раундының В тобындағы матчтары өтеді. Қазақстан 2029 жылғы турнирге қатысушыларды анықтайтын жаңартылған іріктеу жүйесінің бастапқы кезеңіндегі ойындарды алғаш рет қабылдап отыр. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «26-08-2026 18: 32»
Алматы тау кластері жобасын жүзеге асыру практикалық кезеңге өтті. «Almaty Tau Management» ЖШС мәліметінше, дайындық жұмыстары «Шымбұлақ» курортында, сондай-ақ Бұтақты және Кімасар шатқалдарында басталды.
Толығырақ … «25-08-2026 14: 43»
2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли Алматы қаласына жұмыс сапарымен барады.
Толығырақ … «25-08-2026 14: 01»
Абай даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Толығырақ … «24-08-2026 17: 35»
17–22 тамыз аралығында өткен жарысқа 16 жасқа дейінгі теннисшілер қатысып, Орталық және Батыс Азия елдерінің үздік жас спортшылары бақ сынады.
Толығырақ … «24-08-2026 16: 24»
Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «23-08-2026 17: 39»
Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды.
Толығырақ … «23-08-2026 13: 47»