Жаңалықтар
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, оның ішінде көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Толығырақ … «10-09-2026 17: 47»
Алматыда халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жалғасып келеді. Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша қаладағы жұмыс күші 1 млн 217,5 мың адамға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 43 мың адамға көп. Бұл туралы Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «10-09-2026 13: 44»
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың XV отырысы өтті. Жиында жалпы құны 210,3 млрд теңге болатын 12 инвестициялық жоба қаралды. Олар жүзеге асқан кезде шамамен 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Толығырақ … «10-09-2026 12: 43»
Алматыда 2027 жылы 8 қаңтардан бастап төмен шығарындылар аймағында (LEZ) атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған бірқатар экологиялық талап күшіне енеді. Солардың бірі азаматтық пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салу. Мұны Алматының Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «09-09-2026 19: 39»
Алматыда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға Алматы қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Абзал Нүкенов төрағалық етті.
Толығырақ … «09-09-2026 18: 36»
Алматыда Төле би көшесінің оңтүстігінде, Момышұлы көшесінің шығысында орналасқан қызмет көрсету нысандары бар заңсыз салынған аялдама кешенін бұзу жұмыстары басталды. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, нысанды бөлшектеу сот шешімін орындау мақсатында жүргізілуде.
Толығырақ … «09-09-2026 12: 34»
Алматыда қайта өңделген 50 мың пластик қақпақтан жасалған бірегей «Таза Қазақстан» стеласы ашылды. Қақпақтарды қала мектептерінің оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері «Мейірімді қақпақша» жобасы аясында жинаған.
Толығырақ … «09-09-2026 10: 32»
Алматыда Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жаңарту кезеңінде саябақ аумағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін толық жабылады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «08-09-2026 15: 34»
Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулаларды көркейтуге, жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға және қалалық ортаны жақсартуға бағытталған 35 жоба жүзеге асырылуда. Нысандардың бір бөлігі аяқталса, қалғандарында жұмыс жалғасып жатыр.
Толығырақ … «07-09-2026 16: 28»
Ақтөбеде 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында таеквондо WT-дан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Қазақстанның барлық өңірінен 227 спортшы қатысты.
Толығырақ … «07-09-2026 15: 04»