Жаңалықтар

Алмалы ауданында абаттандыру мен қалалық ортаны күтіп ұстауға байланысты істелген жұмыстың аралық қорытындысы шықты. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындар дауыс берген 19 жоба жүзеге асып жатыр.

Толығырақ … «29-09-2026 18: 12»

Алмалы ауданында қоғамдық кеңістікті абаттандырып, ғимараттардың қасбетін жаңартып жатыр. Биыл 60 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жөндеумен қамтылды, оның 41 нысанындағы жұмыстар толық аяқталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Арман Шамшин осылай деді.

Қасбетті жөндеу қалалық дизайн-код талабын ескере отырып жүргізіледі. Ғимараттар табиғи тас және гранитпен қапталады, кондиционерлержң сәндік себетке орналастырады, балкондар бірыңғай стильге келтіріліп, архитектуралық жарық орнатылады. Тарихи маңызы бар ғимараттарда сылақтық сәндік элементтерді қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі.

Толығырақ … «29-09-2026 14: 10»

Алматыда Жібек жолы көшесінде қаланың 21 мейрамханасын бір алаңға біріктірген ALMATY GASTRO WEEK өтіп жатыр.

Толығырақ … «28-09-2026 18: 12»

Алматыда болашақ аналарға арналған жаңа орталық ашылды

Толығырақ … «28-09-2026 17: 08»

Бүгін Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық және көркейту жұмыстары қаланың барлық ауданындағы сегіз аумақты қамтыды. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

Толығырақ … «28-09-2026 17: 05»

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысын алған 2040 жылға дейінгі Бас жоспарды түзету жобасының негізгі ережелері туралы баяндады.

Толығырақ … «28-09-2026 17: 04»

15-ші Almaty Marathon-ға рекордтық көрсеткіш – 1 534 шетелдік желаяқ қатысты. Негізгі 42,2 шақырымдық қашықтықта да жаңа рекорд орнады: бұл қашықтыққа 1 614 адам тіркелді. 27 қыркүйекте өткен мерейтойлық марафонға 66 елден 16 мың адам қатысты.

Толығырақ … «28-09-2026 17: 02»

Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық! Биыл хайуанаттар бағындағы маралдар әулеті екі бірдей төлмен толықты. Жаңа туған төлдер қазір мамандардың тұрақты бақылауында және қажетті күтіммен қамтамасыз етілуде.

Толығырақ … «28-09-2026 16: 59»

2030 жылға қарай Алматыда қоғамдық көлікпен тәулігіне қатынау санын 2,3 млн-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Толығырақ … «28-09-2026 16: 57»

Алматыда арнайы жабдықталған Yandex Qazaqstan автокөліктері қаланың жоғары дәлдіктегі цифрлық картасын жасау үшін жолдар туралы деректер жинауға кірісті. Мұндай карта автономды көлікті сынақтан өткізудің келесі кезеңіне қажет.

Толығырақ … «24-09-2026 19: 12»