Жаңалықтар
Бүгін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Халықаралық қарттар күніне орай «Алтын күз – 2026» фестивалі өтті. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады.
Толығырақ … «01-10-2026 17: 55»
Спорттық гимнастикадан үш дүркін Олимпиада чемпионы Ли Нин Алматыдағы №9 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне барды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.
Толығырақ … «01-10-2026 17: 51»
Талғат Ахметов 29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды. Биыл сәуір айынан бастап ол осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды, кейін басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Толығырақ … «01-10-2026 17: 47»
Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметіне Айдос Нұрлыбаев тағайындалды. Ол 2026 жылы 29 қыркүйектен бастап қызметтік міндетін атқаруға кірісті.
Толығырақ … «01-10-2026 17: 45»
29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметіне бұған дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған Берік Солтанбаев тағайындалды.
Толығырақ … «01-10-2026 17: 42»
Түрксіб ауданында инженерлік және жол инфрақұрылымын ауқымды жаңарту жұмысы жалғасып жатыр. Биыл ауданда ұзындығы 192,4 шақырым сумен жабдықтау желісі, 89,1 шақырым су бұру желісі мен бес кәріздік сорғы станциясы бойынша құрылыс-монтаж жұмысы аяқталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Дамир Әкежанов іске асып жатқан осы жобалар туралы айтып берді.
Толығырақ … «01-10-2026 17: 01»
Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес заңсыз құрылыс нысандарына бақылау күшейтілді. Әсіресе, нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй салуға арналмаған, оның ішінде бағбандық немесе жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге берілген жер телімдеріндегі құрылысқа ерекше назар аударылуда.
Толығырақ … «30-09-2026 18: 39»
Алматының Жетісу ауданындағы Құлагер шағынауданында 100 оқырманға арналған алғашқы қалалық кітапхана ашылды. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.
Толығырақ … «30-09-2026 17: 36»
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында қаланың негізгі жылумен қамту нысандарының жағдайымен танысты. Аралау кезінде Оңтүстік аудандық қазандық, «Орбита» қазандығы және Әуезов ауданындағы жылу желілерін қайта жаңғырту аумағы тексерілді.
Толығырақ … «29-09-2026 19: 32»
Алмалы ауданында абаттандыру мен қалалық ортаны күтіп ұстауға байланысты істелген жұмыстың аралық қорытындысы шықты.
Толығырақ … «29-09-2026 18: 29»