Жаңалықтар

Республика күніне орай Алматыда мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті.

Толығырақ … «24-10-2026 11: 34»

Республика күні қарсаңында Алматыдағы Астана алаңында мың жастың басын қосқан «Егемендік – Елдік бастауы» атты флешмоб өтті. Іс-шара кітап оқуды насихаттауға, әдебиетке және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыруға арналды. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Толығырақ … «23-10-2026 10: 57»

Алматыда оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен экологиялық акция өтті. Іс-шара барысында қайта өңдеуге жарамды қалдықтар жиналып, пайдаланылған пластиктен салпыншақ жасау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп аумағына ағаш отырғызылды. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мамандары айтты.

Толығырақ … «22-10-2026 14: 49»

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды кезекті жеке қабылдап, әлеуметтік қолдау және мәдени жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша өтініштерді қарады.

Толығырақ … «22-10-2026 14: 38»

Алматының Медеу ауданындағы Тау Самалы шағынауданында жалпы ұзындығы 80,3 шақырым болатын сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы жалғасып жатыр. Жоба жүзеге асқан соң 6 500-ге жуық тұрғын орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады.

Толығырақ … «22-10-2026 13: 46»

Алматылық спортшылар Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында табысты өнер көрсетіп жатыр. Кеше паравелоспорттан күміс және қола медаль жеңіп алған алматылықтар бүгін тағы екі алтын және екі күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

Толығырақ … «22-10-2026 13: 42»

25 қазан – Республика күні қарсаңында Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (QyzPU) студенттері «Менің Қазақстаным!» акциясын бастады. Қатысушылар бірігіп «Атамекен» әнін орындап, эстафетаны Қазақстанның өзге жоғары оқу орындарына жолдады.

Толығырақ … «20-10-2026 15: 40»

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауы барысында қала тұрғындары тұрғын үймен қамтамасыз ету, көріктендіру, инфрақұрылымды дамыту және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселесін көтерді.

Толығырақ … «18-10-2026 16: 36»

Республика күні қарсаңында Алматыда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді. Акциялар аясында сатып алушыларға түрлі тауарлар жеңілдетілген бағамен ұсынылады. Акциялар 2026 жылы 17 қазанда басталып, 27 қазанға дейін жалғасады.

Толығырақ … «16-10-2026 19: 15»

Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Толығырақ … «16-10-2026 19: 10»