Жаңалықтар
Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет – 2026» бағдарламасы аясында тағы бір аумақты көркейту жұмыстары аяқталды.
Толығырақ … «06-10-2026 12: 44»
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев биылғы тоғыз айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын таныстырды. Жыл басынан бері ауданнан мемлекеттік бюджетке 266,4 млрд теңге салық пен төлем түскен екен.
Толығырақ … «05-10-2026 18: 42»
Мұғалім күні Алматыда қала педагогтерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыстады.
Толығырақ … «05-10-2026 17: 48»
Әуезов ауданында биыл инженерлік желі салу бойынша екі үлкен жоба аяқталды. Достық шағын ауданы мен Сайын, Шаляпин, Яссауи мен Жандосов көшесінің арасындағы кварталдың шамамен 6 мың тұрғыны орталықтанған қалалық коммуникациялармен қамтамасыз етіледі.
Толығырақ … «05-10-2026 17: 20»
Әуезов ауданында желтоқсан айында бұрынғы ғимараттың орнына жаңа №13 мектеп пен қазан айында №1 мектеп-гимназияға қосымша ғимарат салып бітеді.
Толығырақ … «05-10-2026 17: 18»
Алматыда 4 қазанда Қазақстан-Британ техникалық университетінің алаңында Recycle Бірге экологиялық акциясы өтті. Қала тұрғындары қайталама шикізатты сұрыптауға өткізіп, өзара зат алмасып, экологиялық бастамалармен таныса алды. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.
Толығырақ … «05-10-2026 17: 14»
Алматылық спортшы Тамирлан Тілеулес жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық таеквондошы атанды. Ол Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «03-10-2026 15: 11»
Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Жапонияның Айти мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстанның Азия ойындарындағы спорттық құзға өрмелеуден жеңіп алған алғашқы медалі. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «03-10-2026 15: 08»
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көшелерді көркейту және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жобаларының жүзеге асырылу барысы бойынша кеңес өткізді. Жиында жұмыстарды ұйымдастыру, белгіленген мерзімді сақтау, қауіпсіздік талаптары мен жобалардың сапалы орындалуына баса назар аударылды.
Толығырақ … «02-10-2026 12: 58»
Алматының Түрксіб ауданында әлеуметтік инфрақұрылым кеңейіп келеді: жаңа мектеп пен балабақша ашылып, медициналық мекемелер, спорттық және шығармашылық орталықтар салынып жатыр. Жүзеге асып жатқан және жоспарланған жобалар туралы аудан әкімі Дамир Әкежанов Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында айтып берді.
Толығырақ … «02-10-2026 12: 03»