Жаңалықтар

Алматыдағы комьюнити орталықтарға жарты миллионнан астам жас келген

2025 жылы 10 айда қаланың комьюнити орталықтарында 2 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, олар 535 мың жасөспірім мен жас азаматты қамтыды. Бұл туралы Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы хабарлады.

«03.12.25»

Алматы әкімі Пушкин көшесінің бойындағы аумақты көріктендіру барысымен танысты

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі Пушкин көшесінің бойындағы көлік жолы маңындағы аумақты қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. Жоба қаланың орталық бөлігін кешенді көріктендіру бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр және жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

«28.11.25»

«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр

Алматының Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында көгалдандыру және көріктендіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Ауданның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 800 түп көшет отырғызылды, сондай-ақ Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығы маңында ірі көлемді ағаш егу жалғасып келеді. Жалпы, бұл аумақта 500 түп үйеңкі мен жөке отырғызылады.

«26.11.25»

Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды

Алатау ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша біраз дүние қолға алынды. Аудан әкімі Данияр Қырықбаев Өңірлік коммуникациялар алаңында іріктелген 50 жоба мақұлданғанын айтты.

«19.11.25»

Алматының Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 34 жоба іске қолға алынды

Аудан қолайлы қалалық орта қалыптастыруға барын салып жатыр. 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындар ұсынған 1 370 бастаманың ішінен 34 жоба іріктеліп алынып, оны жүзеге асыруға 2,5 млрд теңге бөлінген.

«15.11.25»

Алматының Жетісу ауданында 28 аула мен 1,5 шақырым жағалау абаттандырылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Ләззат Жылқыбаева аудан аумағында қолға алынған абаттандыру жұмысы жөнінде баяндады. Әкімнің айтуынша, биыл аудан аумағында тұрғындардың жайлылығы мен экологиялық теңдігін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс қолға алынған.

Жыл басынан бері бірнеше ірі нысан жаңартылып, көркейтілді. Сейфуллин, Назарбаев пен Абылай хан даңғылының бойындағы бос аймақтарды абаттандыру аяқталып қалды. Кемел ықшамауданында Қарасу өзені бойындағы жағалауға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Мұнда ұзындығы 1,5 шақырым болатын серуендейтін аймақ ашылады. Айнабұлақ ықшамауданында жаяу жүргіншілер Арбаты жөнделсе, Құлагерде 83 көпқабатты үйді қамтитын 28 аула жаңартылды.

Абаттандырудың маңызды бөлігі – «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалар. Тұрғындардың бастамасымен 2 миллиард теңгеге 30 жоба қолға алынды. Оның ішінде жағалаулар мен саябақтарды абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын орнату, серуен аймақтарын құру, көгалдандыру мен автосуару жүйелерін енгізу бар. Сонымен қатар Алматы – Өскемен жолының бойына шуды оқшаулайтын қалқандар орнатылып, батпақты аумақтар ретке келтірілді.

Қазіргі уақытта бес жаңа жобаның жобалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Олардың қатарында Палладин көшесіндегі 8,3 гектар аумақты қамтитын жасыл аймақты жаңғырту мен 2 гектарлық Көкмайса саябағын қайта жаңарту бар. Сондай-ақ 48 ауланы жаңарту бойынша жобалық құжат дайын – онда габиондар, жарықтандыру жүйелері, балалар мен спорт алаңдары және шағын сәулет нысандары орнатылады.

«Қолға алынған барлық шаруаның мақсаты – тұрғындарға қолайлы, заманға сай және экологиялық таза қалалық орта қалыптастыру. Әр адам өз ауданында өмір сүріп, демалып, отбасымен уақыт өткізуге жайлы жағдай жасалғанын сезінуі тиіс», – дейді аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«12.11.25»

Өмірлік жағдайлар