Жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен алдағы жылу беру маусымына қалалық инфрақұрылымды дайындау мәселесі бойынша кеңес өтті. Жиын барысында жылумен, электрмен, газбен және сумен жабдықтау нысандарының дайындығы, сондай-ақ тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандардың алдағы қысқы кезеңге әзірлігі қаралды.

«23.06.26»

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

20 маусым күні сағат 22:00-ден бастап Саин көшесінен Отар көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Осы кезеңде көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында Төле би көшесінің солтүстік жағында кері бағыттағы (реверсивті) қозғалыс ұйымдастырылады.

Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 25 маусымға дейін жалғасады. Ал 25-30 маусым аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің қарама-қарсы бетінде жүргізіледі. Осы кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады.

Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға кеңес беріледі.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«23.06.26»

Алматыда жүздеген шақырым инженерлік желі жаңғыртылып, көлік жуу орындарына бақылау күшейтіледі

Алматыда инженерлік инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 49%-ға, ал су бұру желілерінің тозуын 48%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

«23.06.26»

Алматы хайуанаттар бағында ақбөкендер лақтады

Алматы хайуанаттар бағында Стелла мен Айна есімді ақбөкендер лақтады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері айтты.

«22.06.26»

Бостандық ауданындағы 67 үйдің қасбеті қалалық бағдарлама аясында жөнделеді

Бостандық ауданында Алматының дизайн-код талаптарына сәйкес бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыру жобасы жүзеге асырылуда.

«22.06.26»

Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді

Алматының Қалалық жоспарлау және урбанистика бақылау басқармасы Гоголь көшесі, 173 мекенжайында орналасқан заңсыз «Береке» базарының сүрілгенін хабарлады.

«21.06.26»

Өмірлік жағдайлар

Ақпан 2026