Жаңалықтар

Алматыдағы жаңа заманауи жоба: тұрғындар жаяу жүргіншілер аймағын қалай жүзеге асырды

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тағы бір қоғамдық кеңістік реткк келтірілді. Бұл Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары кезінде Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында көріп шыққан жаяу жүргіншілер аймағы.

Орбита-4 шағын ауданындағы 6 және 7 үйлердің арасындағы аумақтағы көріктендіру жұмыстары биыл шілде айында басталып, осы айда аяқталды.

Жаяу жүргіншілер аймағының бойына шахмат үстелі, спорт тренажерлері мен воркаут аймақтары орнатылды. Бүлдіршіндер үшін балалар ойын алаңы жабдықталды. Аумақты көріктендіру, ойын алаңдарын, спорттық құралдарды және демалыс орындарын көбейту тұрғындардың күнделікті өмірін сан алуан әрі қызықты ете түсті.

Жоба аясында 1 817 шаршы метр кеспе тас, 1 704 шаршы метр асфальт жабындысы, 840 шаршы метр резеңке жабынды төселіп, 175 метрлік габион құрылысы салынды және 42 көше шамы орнатылды.

«21.11.24»

Алматыда балалардың бес шығармашылық орталығы салынады

Бостандық ауданын аралау барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қосымша білім беру мәселесінің шешімімен, оның ішінде жеке капиталдың қатысуымен танысты. Әкім Вахтангов көшесіндегі №3 Оқушылар үйінің жаңа ғимаратының құрылыс алаңында болды.

«21.11.24»

Алматыда жыл басынан бері 50 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. 

«20.11.24»

«Трансформа» театрының 8-ші маусымы Almaty Creative Hub-та ашылады

24 қараша күні сағат 19:00-де «Трансформа» театр кеңістігі жеті жылдық мерейтойына орай «Хит» қойылымын Марков көшесі 44 жаңа мекенжайында сахналайды. 

«19.11.24»

Кітап – ынтымақтастық құралы: Алматы мен Франкфурт әріптестік орнатуда

Әлемге әйгілі Франкфурт кітап жәрмеңкесінің өкілдері алматылық кітапханалармен, баспалармен және жазушылармен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

«19.11.24»

150 мыңнан астам көшет: Алматыда жасыл желектерді отырғызу жалғасуда

Алматыда қазан айында басталған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясындағы күзгі көгалдандыру науқаны белсенді түрде жалғасуда. Қазіргі уақытта қалада 150 мыңнан астам көшет отырғызылды, ал маусымның соңына дейін тағы 132 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Отырғызу жұмыстары негізінен жасыл желектер саны жеткіліксіз аудандарда және тиімді суару инфрақұрылымы бар жерлерде жүргізілуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жасыл желектердің тіршілік ету деңгейін арттыру ғана емес, сонымен қатар Алматының жасыл қорын сақтау және кеңейту, бұл экологиялық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

«18.11.24»

Өмірлік жағдайлар

Есептер 2022