Жаңалықтар
Хайуанаттар бағында көптен күткен қуанышты жаңалық! Арчи мен Белла есімді шайқағыш жанаттар үш күшік әкелді. Бұл соңғы жиырма жылға жуық уақыт ішінде хайуанаттар бағында дүниеге келген алғашқы шайқағыш жанат төлдері.
Толығырақ … «03-07-2026 18: 32»
Алматыда Медеуден Шымбұлақ тау шаңғысы курортына дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасып жатыр. Жобаны Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша мердігер ұйым жүзеге асыруда. Оның мақсаты – коммуналдық жүйелердің сенімділігін арттыру және туристік инфрақұрылымды дамыту.
Толығырақ … «03-07-2026 08: 35»
Алматыда «Eco Almaty» ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Эко-Трак» жобасы жұмысын жалғастырып келеді. Жоба қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қалдықты бөлек жинау тәжірибесін кеңінен насихаттауға бағытталған.
Толығырақ … «02-07-2026 13: 43»
Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда жаңа Конституцияның күшіне енген күніне арналған «Біз, біртұтас Қазақстан халқы..!» атты ауқымды концерт өтті.
Толығырақ … «02-07-2026 13: 37»
Алматыда жазғы демалыс пен сауықтыру бағдарламасымен 294 мың бала қамтылады. Бұл 1–10 сыныптарда оқитын оқушылардың жалпы санының 98,7%-ы. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев мәлімдеді.
Толығырақ … «02-07-2026 13: 35»
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру және қала инфрақұрылымы, көлік, энергетика, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Толығырақ … «02-07-2026 08: 28»
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Наурызбай ауданы әкімдігі аппаратының мәліметінше, Наурызбай ауданы тұрғындарын эвакуациялау жүргізілген жоқ.
Толығырақ … «01-07-2026 16: 07»
Алматыдаңы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орай «Балалар болашақты бейнелейді» атты пленэр өтті.
Толығырақ … «01-07-2026 13: 31»
Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған «Жаңа Конституция – жаңа серпін» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер ұйымдарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Толығырақ … «01-07-2026 09: 56»
Алматыда Бас жоспарға енгізілетін түзетулердің стратегиялық экологиялық бағалауына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр. Тыңдау барысында тұрғындардың бірі құжат әзірлеушілерден қаланы көгалдандыру бағытында атқарылған жұмыстарға жүргізілген талдаудың нақты нәтижесін ұсынуды сұрады. Оның айтуынша, қала тұрғындарын Алматының жасыл қорының қазіргі жай-күйі мен оның ауа сапасына ықпалы туралы объективті бағалау қызықтырады.
Толығырақ … «30-06-2026 21: 53»