Жаңалықтар

Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен туризм инфрақұрылымын дамыту және қонақүй мен глэмпинг құрылысына қатысты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын өтті. Оған салалық басқарма басшылары, инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысты.

Толығырақ … «20-08-2025 15: 43»

Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концерті қорытындыланды. Орталық стадиондағы ауқымды шоуға 27 мың көрермен жиналған. Оның шамамен 7 мыңы ТМД елдерінен бастап АҚШ, Канада, Түркия, Жапония, Қытай, Германия, Ұлыбритания, Франция секілді 35 мемлекеттен арнайы келген.

Толығырақ … «18-08-2025 11: 33»

«Жас Қанат» тұрғын үй кешенінде орналасатын Алматы кітапханаларының жаңа филиалында интерактивті аймақтары, цифрлық сервистері және шығармашылық шеберханалары бар заманауи балалар кітапханасы ашылады. Бұл идея сегіз алматылық кітапханашы Эстония, Финляндия және Швецияда өткен «Шекарасыз білім» атты халықаралық тағылымдамадан кейін туындады. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасы хабарлады.

Толығырақ … «15-08-2025 18: 23»

Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

15 тамыздан 18 тамызға дейін қатарынан үш түн бойы, сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін, Қайырбеков көшесінен бастап ШААЖ-қа дейінгі аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады.

Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«15-08-2025 17: 53»

Алматының шығыс бөлігінде, Тәттімбет көшесі мен Достық даңғылына қатарласа созылып жатқан әйгілі Терренкур демалыс аймағы ауқымды қайта жаңғыртудан өтті. Бұл қала тұрғындарының сүйікті серуен орнына айналған ерекше мекен.

Толығырақ … «14-08-2025 15: 52»

Қалада Халықаралық жастар күніне арналған «ALMA LOVE» онкүндігі аяқталды. Алматы әкімінің қолдауымен биыл фестиваль жаңа форматта ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасы хабарлады.

Толығырақ … «13-08-2025 16: 02»

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бостандық ауданының басшысымен бірге жиын өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым және әлеуметтік саладағы түйткілдерді талқыланды.

Толығырақ … «13-08-2025 12: 18»

Алматыда тұңғыш рет ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай арнайы әзірленген «Алаштың Абайы» атты театрландырылған-концерттік қойылым көрерменге жол тартты. Республика сарайының сахнасында қазақ өнерінің майталмандары Абайдың өлмес өлеңдері мен әндерін орындап, сөз, музыка және хореография біртұтас көркем туындыға тоғысты. Бұл әсерлі сахналық көрініске 200-ден астам өнерпаз қатысты.

Толығырақ … «11-08-2025 16: 30»

2025 жылғы 10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Осыған байланысты қалада қоғамдық көліктің қосымша бағыттары, арнайы кіреберіс аймақтары ұйымдастырылып, автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Қалалық қызметтер көрермендерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, тәртіпті сақтауды сұрайды.

Толығырақ … «08-08-2025 17: 00»

Алматыда қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды бағдарлама басталды. Тамыз айы бойы қалада 120-дан астам іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында – театр қойылымдары, поэзия кештері, әдеби сағаттар, көрмелер, концерттер, жастармен кездесулер, сондай-ақ спорттық, қайырымдылық және ағартушылық акциялар бар.

Толығырақ … «08-08-2025 16: 53»