Жаңалықтар

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев электр желілерін салу және жаңғырту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады. Бұл шаралар электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және тұрғын алаптарында жиі болатын апаттарды жоюға бағытталған.

Толығырақ … «10-04-2025 11: 09»

Алматы әкімдігі Түрксіб ауданында білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмысын белсенді түрде жалғастырып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты.

Толығырақ … «10-04-2025 07: 45»

2025 жылдың маусым айында Баум тоғайы мен Үлкен Алматы каналын (ҮАК) абаттандыру бойынша екі ауқымды жобаны іске асыру басталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Толығырақ … «10-04-2025 06: 02»

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы ескі тұрғын үйлерді реновациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.  

Толығырақ … «10-04-2025 05: 42»

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында қалалық ортаны жақсартуға және қалдықтарды тұрақты өңдеуге бағытталған кезекті жоба іске қосылды.

Толығырақ … «09-04-2025 12: 11»

Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымын аяқтау және 2025-2026 жылдардағы келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Толығырақ … «07-04-2025 09: 44»

2025 жылы Мамыр-4 шағын ауданында 12,3 км су және кәріз жүйелерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында тұрғындармен өткен кездесуде мәлімдеді. Қала басшысының айтуынша, бұл жоба ауданның 800-ден астам тұрғынын сапалы инженерлік желілермен қамтамасыз етеді.

Толығырақ … «04-04-2025 06: 37»

2025 жылдың маусым айында Алматының Әуезов ауданында төрт жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Толығырақ … «03-04-2025 06: 17»

Алматы тұрғындары мен қонақтары «Көк-Төбе» саябағындағы жаңа жаяу жүргіншілер жолын бағалады. Алматы тұрғындарының «Көк-Төбеге» өтініштерін ескере отырып, қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қазан айында жеке инвестициялар есебінен ұзындығы 1,2 км жаяу жүргіншілерге арналған денсаулық жолының құрылысы басталды. Бұрын саябаққа жаяу бару қиындық туғызатын әрі қауіпті болаты. Денсаулық жолының іске қосылуымен бұл мәселе шешімін тапты. Бүгінгі таңда өткізу қабілеті күніне 10 мың адамға жетеді. 

Толығырақ … «01-04-2025 06: 22»

Биыл Алматыда Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы аясында 87 226 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның 84%-ы немесе 73 293-і тұрақты болады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында хабарлады.

Толығырақ … «31-03-2025 12: 04»