Алматының Әуезов ауданында Өтеген батыр көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықтағы Жұбанов көшесін кешенді көркейту және көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Жаңартылған аумақтың жалпы көлемі – 8,38 гектар. Жоба шамамен 5 200 тұрғынды қамтиды.
Аумағы 10,5 мың шаршы метр болатын мұз алаңы, жаңа салқындату жүйесі, жаңартылған инженерлік желілер мен спортшыларға арналған заманауи бөлмелер – аңызға айналған спорт кешенін осындай өзгеріс күтіп тұр.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды кеңейтілген аппараттық кеңесте қаланың қысқы маусымға дайындығын пысықтап, коммуналдық қызметтің жұмысын күшейтуді тапсырды.