Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды кезекті жеке қабылдау өткізіп, әлеуметтік қолдау, білім беру және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштерді қарады.
Қазіргі кезде Алматыдағы бірнеше жекеменшік жатақханада студенттерді орналастыруға мүмкіндік бар. Жалпы саны 830 бос орын ұсынылып отыр. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.
Алматыда технологиялық бизнеске, бағдарламалық өнім әзірлеушілерге, стартаптар мен зерттеушілерге арналған жаңа инфрақұрылым қалыптасып жатыр. Қалада Almaty AI Hub және Almaty AI Park атты екі ірі жоба жүзеге асырылуда.