Жаңалықтар
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен алдағы жылу беру маусымына қалалық инфрақұрылымды дайындау мәселесі бойынша кеңес өтті. Жиын барысында жылумен, электрмен, газбен және сумен жабдықтау нысандарының дайындығы, сондай-ақ тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандардың алдағы қысқы кезеңге әзірлігі қаралды.
Толығырақ … «23-06-2026 17: 09»
Алматыда жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
20 маусым күні сағат 22:00-ден бастап Саин көшесінен Отар көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Осы кезеңде көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында Төле би көшесінің солтүстік жағында кері бағыттағы (реверсивті) қозғалыс ұйымдастырылады.
Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 25 маусымға дейін жалғасады. Ал 25-30 маусым аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің қарама-қарсы бетінде жүргізіледі. Осы кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады.
Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға кеңес беріледі.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«23-06-2026 10: 46»
Алматыда инженерлік инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 49%-ға, ал су бұру желілерінің тозуын 48%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
Толығырақ … «23-06-2026 08: 23»
Алматы хайуанаттар бағында Стелла мен Айна есімді ақбөкендер лақтады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «22-06-2026 17: 12»
Бостандық ауданында Алматының дизайн-код талаптарына сәйкес бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыру жобасы жүзеге асырылуда.
Толығырақ … «22-06-2026 13: 17»
Алматының Қалалық жоспарлау және урбанистика бақылау басқармасы Гоголь көшесі, 173 мекенжайында орналасқан заңсыз «Береке» базарының сүрілгенін хабарлады.
Толығырақ … «21-06-2026 15: 41»
Биыл 27, 28 мен 29 мамырға сәйкес келетін Құрбан айт күндері Алматыда мал сататын, құрбан шалатын 12 арнаулы алаң белгіленді.
Толығырақ … «21-06-2026 09: 45»
Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру мәселесі бойынша кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Толығырақ … «19-06-2026 15: 37»
Алматыда қарт адамдардың денсаулығын сақтап, белсенді өмір салтын ұстануына, жаңа білім алуға және қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының желісі қарқынды дамып келеді.
Толығырақ … «16-06-2026 15: 32»
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мемлекеттік мектептердің басшыларымен кеңес өткізіп, орта білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйі, білім сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаржылық тәртіпті сақтау және білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қарады.
Толығырақ … «15-06-2026 15: 30»